Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет Америка Құрама Штаттары елшілігінің орынбасары Джон Марк Поммершайм мен Нинг-чуан Дужуды қабылдады.
Алматы қаласына арнайы келген қонақтар Алла үйіне ат басын тіреп, Бас имам қабылдауында болды. Басқосу барысында өкіл имам келген қонақтарға мың жасаған шахардағы мешіттер мен діни оқу орындары жайлы сөз қозғап, тек елімізге ғана емес Орта Азия елдеріне танымал azan.kz рухани ағартушылық сайты жайлы да хабардар етті.
АҚШ елшілігінің өкілі арнайы уақыт бөліп, қабылдауға келісім берген өкіл имамға өз алғысын айтып, Діни басқарма жұмыстарына сәттілік тіледі.
Бас имам Джон Марк пен Нинг-чуан Дужу мырзаларға Бас мүфти атынан естелік сыйлықтарын сыйға берді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.03.2016
3263
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру