Діни басқарма өңірлердегі өкілдіктеріне қайырымдылық шараларын кеңінен өрістету, әсіресе мүгедек жандарды қолдау міндетін жүктеген болатын.
Осы тапсырма еліміздің шығыс өңірінің Өскемен аймағында айтарлықтай нәтижелі атқарылуда. Өкілдіктің биылғы жылғы жоспарында қайырымдылық шарасы негізгі жұмыс бағыттарының бірі ретінде қарастырылған болатын.
Өткен жұма күні Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті Өскемен қаласындағы мешіттердің қатысуымен «Қайырымдылық-қадірлі іс» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мұнда мешіт қызметкерлерімен сауат ашу курстарының ұстаздары мен шәкірттері қолдан әртүрлі тағамдар дайындап әкеліп, оны сатуға шығарды.
Нәтижесінде жиналған қаражаттың жарты бөлігін Семей қаласының тұрғыны, емделуге қаражат тапшылығына ұшырап отырған Ахметованың шотына аударылды.
Қалған қаражатпен Наурыз мерекесі қарсаңында Өскемендегі «Үлбі» сауықтыру үйіндегі мүгедек балаларға қайырымдылық жасалу көздедіп отыр.
«Мүгедек жандарды қолдау туралы дніи басқарманың тапсырмасына орай облыстық мешіттен қайырымдылық шаралары тұрақты жасалып келеді. Оларды қолдау, қолдан келгенше көмек жасау, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өз үмбеттеріне хадистері арқылы аманаттап кеткен болатын. Мүгедек жандарға қарайласу зор сауапты іс. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты жүргізіледі» дейді, шараны ұйымдастырушылар.
Жәрмеңке ұйымдастырушыларға жиналған қауым да ризашылықтарын білдіріп жатты.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.03.2016
3474
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру