Маңғыстау облыстық және қалалық мешіттердің ұйымдастыруымен аймақтағы БАҚ саласында қызмет ететін әйел адамдарға арнайы үстел жайылып, мерекелік шара өткізілді.
Қоғамдағы діни шараларды насихаттауда және мешіт тарапынан өткізілген игілікті істерді жұртшылыққа жеткізе білуде зор еңбек сіңіріп жүрген тілшілерді өкіл имам С.Сейтбеков және қалалық мешіттің бас имамы Д.Хаснияз арнайы құттықтады. «Көктем мерекесінің құлпырған көрікті күнінде сіздерге деген ризашылығымыз ретінде жайылған дастарханның құрметті қонағысыздар. Бұл шараны жылы лебіз білдіріп, өздеріңізге алғысымызды айту үшін ұйымдастырдық», - деген өкіл имам олардың еңбектеріне жеміс тіледі.
Отырыс соңында мешіт тарапынан тілшілерге «Құран Кәрим» сыйға берілді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.03.2016
3535
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру