Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

15.03.2016 3346 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде тағы да кезекті қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Шараны ұйымдастырған мешіттің жастар ісі бөлімі «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, аталмыш шараны жұма күні мешіт ауласында өткізілді.

Жұма намазына келген жамағат жәрмеңкеге шығарылған тәтті және ыстық тағамдарды сатып алу арқылы қайырымдылық іске өз үлестерін қосты.

Жиналған қаражат кішкентай балалары бар жесір әйелдерге бөліп берілді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру