Маңғыстау облыстық орталық мешітінде өкіл имам С.Сейтбеков кезекті әйелдер сұхбатын өткізді. Жиынға елуге жуық мешіт жамағатындағы әйелдер қауымы қатысты. Бас имам «Әйелдің исламдағы орны» тақырыбында уағыз айтып, асыл дініміздің әйел адамды құрметтеуге шақыратынын, ешбір дін әйелдің мәртебесін Ислам секілді көтермейтінін жеткізді.
Сондай ақ, нәзік жандылардың қоғамда және жанұядағы рөлі, балаларына беретін тәрбиесі мен жұбайының алдындағы міндеттері туралы айтылды.
Жиын соңында мұсылман әйелдер өздерінің сауалдарын қойып жауап алды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.03.2016
3234
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру