Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы аясында, қайырымдылық жұмыстарын жандандыру ел мешіттеріндегі дағдылы үрдіске айналды.
Өкілдіктің нұсқауы бойынша, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі және алда келе жатқан Наурыз мейрамына орай, Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылымани» мешіті көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және жалғыз басты аналарға бағытталған қайырымдылық шарасын өткізді.
Бас имам Жұманазар Садырхановтың бастамасымен өткізілген іс-шара аясында, 15 отбасына ет, ұн, макарон, күріш, т.б азық-түлікті қамтыған заттай көмек көрсетілді.
Шара барысында мешіт қызметкерлері азық-түлік өнімдерін әрбір отбасына жеткізіп беріп, алда келе жатқан төл мерекемізбен құттықтады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.03.2016
3815
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру