Мешіт жамағатының діни сауатын ашып, білім деңгейін көтеру – бүгінгі таңда «Әзірет Сұлтан» мешітінің алға қойған мақсаттарының бірі. Мешіт имамдары мен ұстаздары осы бағытта жемісті қызмет етіп, мыңдаған жанның діни сауатты болуына септігін тигізіп келеді. Шәкірттердің тек араб әліпбиін қана танып қоймай, діни білімдерін жетілдіре түсу үшін уағыз-насихат жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Осы орайда мешіт жамағаты үшін еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы мамандар шақырылып, түрлі тақырыптарды қамтыған кездесулер өткізіліп келеді.
Сондай кездесулердің бірі кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер жамағатына арналып ұйымдастырылды. Мешітіміздің нәзікжанды жамағаты үшін Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы арнайы келіп, уағыз өткізді. Мешіттің әйелдер залын лық толтырған жамағатқа білікті ұстаз «Әйел затында кездесетін қателіктер» тақырыбында ой толғап, дәріс өтті. Дәрістің бейне нұсқасы жақын күндері сайтымызда жарияланатын болады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.03.2016
3452
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру