Соңғы жылдары елімізде жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай түрлі секталар мен діни ұйымдардың қаптап кеткені жасырын емес. Асыл жол іздеген албырт жастарды адастырып жатқан ағымдар да аз емес. Осы орайда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға жүктеген міндеттерінің бірі де осы теріс ағымдармен жұмыс болатын.
Бүгінде бұл бағыттағы жұмыс шараларының аясы кеңейіп, түрлі аудиторияларда мешіт имамдары теріс ағымдар жайлы уағыз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Кеше Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Өткелбаев Бақытжан «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ның қызметкерлеріне терроризм мен экстремизмнің және деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында дәріс өткізіп қайтты.
Авиациялық қауіпсіздік, Тексеру қызметі және Қауіпсіздік қызметі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысқан басқосуда Бақытжан Өткелбаев аталмыш тақырыптарды кеңінен тарқатып, түрлі сұрақтарға жауап қайтарды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.03.2016
3297
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру