Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың бірі- «Имамның тұлғалық» келбеті құжаты болатын. Бұл құжатты халық арасында жан-жақты насихаттау,бұқараға кең көлемде таныстыру діни басқарманың өкілдіктерге берген негізгі міндеттерінің бірі.
Осы құжаттардың имамдардың санасына сіңіру, ондағы ұстанымдармен талаптарды талдау мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Имамның тұлғалық келбеті: Діни қызмет-мәртебелі міндет» атты семинар өтті.
Оған Өскемен аймағының қалалық, аудандық мешіттердің имамдары толықтай қатысты. Жиынды ҚМДБ-ның өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы ашып, қазіргі таңда имамдарға қойылатын талаптың күшейіп отырғандығын айта келе, имамдар жан-жақты, діни терең білімді, дінге қатысты заң мен жарғы ережелерден сауатты болуы тиіс деп атап өтті.
Семинарда облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Досжан Үмбет және ұстаз Маушиан Ақзанбектер баяндама жасады.
Діни басқарманың екіткен негізгі құжаттарын насихаттау ісі өңірде бұдан ары да жалғаса беретін болады.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.03.2016
3149
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру