Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әскерилерге тұғырнама насихатталды

10.03.2016 3414 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандарының Тұғырнамасы бүгінгі таңда мекеме қызметкерлер арасында кеңінен насихатталып, оның маңыздылығы барынша түсіндіріліп келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті Тұғырнаманы барлық сала мамандарына  толассыз насихаттап, дін қызметкерлерінің ролі мен қызметі турасында ақпараттандырып келеді.

Осындай кезекті кездесу қаламыздағы 20/19 шекәра бөліміндегі шекара қызметіндегі әскери бөлімде өткізілді.

Кездесуді ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Мұсылмандары Тұғырнамасы мен Отан қорғау, отансүйгіштік сезім, бейбітшілік, бірлік турасында уағыз-насихаттар айтылды.

Кездесу соңында әскери қызметкерлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып жауап алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру