Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам және жастар ісі бөлімінің қызметкері Ғұмар Жұмағұлов кезекті жүздесулерін өткізді.
Бұл жолы олар білім саласында жылда үлкен жетістіктерге ие болып жүрген Сырбай Мәуленов атындағы қазақ гимназиясына ат басын тіреді. Мұндағылар дін қайраткерлерін жылы жүзбен қарсы алды.
Өз саласының білікті мамандары білім ордасындағы 9-шы сынып оқушыларына жалпы дін туралы мол мағлұмат берді. Өскелең жас ұрпақтың жат ағымдардан аулақ болулары жөнінде өздерінің нақты пікірлерін айтты. Олардың қойған сауалдарына тиянақты жауап берді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.03.2016
3369
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру