Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Жетібай кентіне арнайы барып, мешітте шам намазына имамдық етіп, намаздан соң «Сенім дұрыс болмаса адасамыз» тақырыбында уағыз айтты.
Өкінішке орай, ақидасы дұрыс болмай адасып жүрген қаншама бауырларымыз бар. Діннің өзегі – дұрыс сенімде. Сенім дұрыс болмай, құлшылықтан сауап болмайды. «Мұсылман тек намазбен ғана шектелмей, Құран мен сүннетте бұйырылған жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуі керек», - деді Смайыл Сейтбеков.
Құптан намазына дейін уағыз айтқан өкіл имам құптан намазына имамдыққа шығып, артынан арнайы жайылған дастархан басында жамағаттың сұрақтарына жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.03.2016
3562
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру