Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен имамдарының кезекті жиналысы өтті

09.03.2016 3233 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінде өңірге қарасты қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы өтті. Мұнда Діни басқарманың тапсырмаларының өңірде іске асырылуы және өкілдіктің үстіміздегі жылы белгіленетін Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 қадам»жоспары талқыланды.

«Біз діни басқарманың тапсырмалары мен алға қойған міндеттерін орындап, өңірде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек. Біздің алдымызда қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, халыққа пайдалы, асыл дініміздің мерейін асыратын осындай игілікті шаралар атқару міндеті тұр» деп атап өтті, өкіл имам.

Өкілдікте және аудандарда соңғы 2 айда атқарылған шаралар талқыланды. Аудан және қала имамдарына сын ескертпелер айтылып, «25 жылдыққа 25 қадам» жобасы аясында  оларға нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қайырымдылық шараларын жан-жақты өрістету тапсырылды. Өңірді білікті діни мамандармен қаматамасыз ету мақсатында аудан имамдарына жаңадан діни қызметке келетін мамандардың әлеуметтік мәселесін шешу бағытында тың шаралар ұйымдастыру мақсатында бағыт-бағдар берілді.

Жиында аудан, қала имамдары да өз ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру