Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялануына орай Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, «Ихлас» мешітінде аудандық жасөспірімдер арасындағы «Құран Кәрім» жарысы өтті.
Бұл жарысқа ауданға қарасты мешіттер жанындағы «Сауат ашу» курстарынан іріктеліп, діни білім алып, «Құран Кәрімді» жаттап жатқан 50-ден астам мектеп оқушылары қатысты.
Жарыс барысында оқушылар арасынан үздік шәкірттер сарапталып, жүлделі орын алған талапкерлер қаржылай және естелік сыйлықтармен марапатталды. «Құран» жарысының соңы Алла разылығы үшін жиналған мұсылман қауымының мерекелік дастарханымен аяқталды.
Алматы өңірі, Алматы аймағы бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.03.2016
3573
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру