Маңғыстау облыстық орталық мешітінде әйел адамдарға арналған сұхбаттасу жиыны өтті. Жыл басынан бері өткізіліп отырған шарада өкіл имам Смайыл Сейтбеков «Тақуалық пен қарапайымдылық – мұсылманға тән сипат» тақырыбында уағыз айтты. Жиынға жетпіске жуық мешіт жамағатындағы әйел адамдар қатысты. Бас имамның уағызынан кейін әйел жамағаты өздерінің білгісі келген сауалдарын қойып, жауап алды.
Өкіл имамның айтуынша, биылғы жылдан бастап әйелдермен сұхбаттасу жиыны тұрақты түрде ай сайын бір рет өтіп тұрады. «Бұл үрдісті қолға алған себебіміз мешітке түрлі сауалдарымен әйелдер келеді. Олардың бірі ер адамдармен емін - еркін сөйлесуге қымсынса, бірі толыққанды жауап алуға мүмкіндіктері болмай жататындығын айтады. Сондықтан осы шараны қолға алып, олардың тарапынан болатын түрлі сауалдарға жауап беру және белгілі бір тақырыпта уағыз айту мақсатында өткізуді жөн көрдік», -дейді өкіл имам С.Сейтбеков.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.03.2016
3338
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру