ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана маңындағы «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау орталығында болып, медресенің тыныс-тіршілігімен танысты.
Сондай-ақ, жомарт жанды азаматтың демеушілігімен Құран жаттап жатқан шәкірттерге арнайы дастархан жайылды. Құран іліміне ден қойған һәм болашақ қарилармен кездескен наиб мүфти Н.Тағанұлы ең қайырлы үммет Құран үйреніп, оны басқаларға үйретушілер екенін айта келе, Құран жаттаған адамның мол сауапқа иеленетінін әрі дәрежесі жағынан үнемі өзгелерден жоғары тұратындығын айтып берді. Еліміз берекелі, мынадай бейбіт заманда бүкіл мүмкіндігі жасалған қарилар дайындайтын медресенің құнын бағалауға шақырды. Ондағы әрбір сәтті босқа жоғалтпай, іліммен сусындап, Құранды толық жаттап, терең білімді болып шығуларына ақыл-кеңесін айтты.
Дастархан басында наиб мүфтимен емен-жарқын жүздескен шәкірттерде алғыстарын білдіріп, мазмұнды әрі болашаққа керекті ақыл-кеңестерді іске асыруға жұмсайтындықтарын білдірді.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.03.2016
3495
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру