Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақтөбенің аялы алақаны» қайырымдылық акциясы жалғасуда

07.03.2016 3670 0 пікір

«Ақтөбенің аялы алақаны» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында орналасқан № 7 арнайы түзету мектебінде білім алатын оқушылардың отбасылары азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Олар әлеуметтік жағдайы төмен, тұрмысы аз қамтылған, жалғыз басты және көпбалалы отбасыдан шыққан, ақыл-есінде ақауы бар оқушылар. Тұрмыстарына көптеген демеу қажеттігін мектеп басшысы да жасырмады. Мештке қадам басқан отбасы мүшелеріне облыстық мешіт тарапынан мейірімділік пен қайырымдылық жадында уағыз-насихат айтылды. Алдағы уақытта киім – кешек және тұрмыстық жиһаздармен тұрақты түрде қамтамасыз ету облыстық мешіт жоспарына алынды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру