Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университеттің ғимаратында «Дін және тарих тағылымы» атты студенттермен бас қосу өтті.
Бас қосуда сөз алған ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Ахмадиев биылғы, яғни 2016 жыл діни басқарма тарапынан «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жарияланғандығын жеткізіп, тарихта діннің тағылымды және өнегелі тұстары, елдің ынтымағына тиер септігі мол екенін тағылымды уағызымен айтып берді.
Ал, енді кезекте сөз алған панкратион (ережесіз жекпе-жек) түрінен 4 дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров, тарихтың және діннің ұрпақ тәрбиесіне берері мол екенін, қазақтан шыққан батыр бабаларымыз елдің игілігіне, имандылығына, бірлігіне аянбай қызмет еткенін, бұл жастар үшін әрқашан үлгі болу керек екенін, әсерлі де жан-жүректі уағызымен жеткізді.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.03.2016
3106
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру