Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ардақ НАЗАРОВ: Күш – бірлікте

04.03.2016 4116 0 пікір

Қасиетті жұма күні Талдықорған орталық «Иман» мешітінде жиналған жамағатқа арнайы дәрісті панкратион (ережесіз жекпе-жек) түрінен 4 дүркін әлем чемпионы, абсолюттық Азия чемпионы Ардақ Назаров жүргізді.

Бұл жолы Ардақ бауырымыз төбелестің түрін емес, бәлкі Исламның тарихта қалдырған бағасыз құндылықтары туралы айтып берді. Сөз барысында береке ынтымақты елде болатындығына, халықтың күші білекте емес, Аллаға деген таза сенімде, бірлікте, адамгершілікте, намыста, тәрбиеде, иман тазалығында екенін әсерлі сөзбен жеткізіп берді.

Жиналған жамағат, көкейкесті сұрақтарымен қоса, осындай игі азаматтардың жамағат алдына жиі келіп, жалынды сөзімен көпшілікті рухтандырып тұрса екен деген тілектерін айтты.

Сөз алған ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Ахмадиев А.Назаровқа иман байлығын, мықты сенім, Алланың шапағатын тілеп, бата берді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру