Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дін және тарих тағылымы» аясында өткен кездесу

04.03.2016 3699 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялады. Осыған орай Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде қалалық Политехникалық колледжінің студентерімен «Дін және тарих мәдениеті» атты кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мешіттің бас имамы Сабыржан Есмурзин қазақ халқының этникалық тарихын және көшпелі мәдениетінің қалыптасуын баяндап, ислам мәдениетінің игі әсерін түсіндірді.

Бұл басқосуға қатысқан студенттерге мешіттің бас имамы қазақ халқының исламды қабылдау кезеңінің VIII ғасырдың соңы мен IX ғасырдың басынан бастау алатындығын және XII-XIV ғасырларда Қазақстан исламның Ханафи мәзһабының негізгі орталықтарының бірі ретінде танылғандығын түсіндірді.

Кездесу соңында жастар имамға көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру