Облыс орталығынан шет жатқан елді мекендердегі имандылықты арқау еткен шаралардың көбеюі қазіргідей тәрбие белбеуі босаңсыған кезеңде көз қуантып, көңілге қуаныш ұялатады.
Әсіресе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының соңғы кездері еліміздің шалғай орналасқан өңірлеріндегі имамдардың мәселелеріне айрықша мән беріп, беделдерін көтеруге бағытталған шаралары құптарлық іс.
Талдықорған облысы орталығынан шеткері жатқан Сарқан ауданы Шатырбай ауылында «Имам-рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз» тақырыбымен семинар болып өтті. Кеңес барысында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұғырнамасы, ауылдағы рухани өкілдің бет-бейнесі, ауыл имамдарының жауапкершілігі жайында кеңінен сөз қозғап, осы бағыттағы ширатылар шаруаның маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында өнегелі істерімен өзгелерге үлгі болып келген Сарқан ауданы Шатырбай ауылының молдасы Өнерханов Бағланға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының атынан қаржылай сый табыс етті.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының бастамасымен жоғары деңгейде ұйымдастырылған діни шара өзге өңірлерге үлгі болса құба құп.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.03.2016
3447
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру