Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: Халал өкілі студенттермен жүздесті

03.03.2016 3259 0 пікір

ҚМДБ бағыттарының бірі халал түсінігін ел арасында насихаттау болатын. Алматы қаласы имамы Нұрбек қажы Есмағанбет аталмыш бағытқа мейлінше көңіл бөліп, қала имамдары арасында аталмыш тақырып аясында бірнеше семинарлар мен басқосулар өткізген болатын.

Діни басқарманың халал стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша өкілі Елжанов Ануар Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университеті электрондық журналистика факультетінің студенттерімен жүздесті.

Оқу орнының студиясында ток шоу фарматында өткен кездесуде Әнуар Ізімбайұлы келген қонақтарға халал жайлы жалпы мағлұмат беріп, Діни басқарма арнайы әзірлеген «Халал туралы түсінік» кітабын келушілерге сыйға тартты.  

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру