ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарына арналған 1 апталық семинар сабақтары басталды.
Семинарда «Ақида» сабақтары, өзге діни ағымдардың таралуы бағытында ауқымды лекциялар өтіліп, тереңнен түсіндірілуде.
Семинардың ашылуына қатысқан орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жандандыруға арналған «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференциясында сөз болған келелі мәселелерді имамдарға кеңінен таныстырып өтті.
Семинарды Қармақшы ауданы, Төретам кенті «Жәрімбет ата» мешітінің бас имамы, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің магистранты Құрманбаев Дастан жүргізуде.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.03.2016
2973
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру