Елбасымыздың тапсырмасымен белгіленген Алғыс айту күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қажыларға құрмет көрсетіліп, дастархан жайылды.
Басқосуға қажылық парыздарын өтеп келген, елге сыйлы қажылар қатысты.
«Асыл дініміздегі бес парыздың бірі ажылық парызды өтеп келіп, қажы деген мәртебелі атты иелендіңіздер. Сіздер әркез қажы деген құрметті атқа сай болып, жалпы көпшілікке үлгі болып келесіздер. Мешіттен өткізетін әрбір шараның басы-қасында боласыздар. Сіздерден халық үлгі алады. Бүгінгі шара арқылы сіздерге алғыс айту күні қарсаңында құрмет көрсетіп отырмыз» дей келе қажыларға берекет, ырыздық, денсаулық тіледі.
Сонымен қатар ол өкілдік тарапынан өңірде атқарылып жатқан шаралар туралы да баяндап өтті.
Басқосуда сөз алған қажылар да діни басқарманың жүйелі түрдегі жұмыстарына көңілдері толатындығын жеткізіп, мүмкіндігінше қолдау көрсететіндіктерін білдірді. Сонымен қатар осындай бастама үшін өкілдікке алғыстарын жеткізді.
Дастархан үстінде құнды бастамалар мен пікір-ұсыныстар айтылды.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2016
3159
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру