Тағдырдың тауқыметімен мүгедек болып қалған жандарға қуаныш сыйлау, көмек беру мұсылмандықтың айғағы.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен жер-жерде қайырымдылық шаралары өтуде. Қарағанды облысының мешіттері де ат салысып, мүгедек жандарға қолдан келгенше қолғабыс етіліп жатыр.
Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен «Қамқор» мүгедектер үйіне көмек көрсетілді. Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей аталмыш мекемеге барып, жан жылуын аңсайтын жарымжандардың жайын біліп қайтты. Наиб имам көңілге үміт пен қуаныш ұялататын уағыз айтып, азық-түлік, тәтті-дәмдер үлестірді.
«Қамқор» ұйымының басшылығы да әрдайым қарайласып жүретін мешіт ұжымына рахметін айтып, өкіл имамға алғыс хат жолдады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.03.2016
3503
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру