Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешіті жанындағы әйелдер діни сауат ашу курсы ұстазы мен шәкірттері қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласында орналасқан «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығынан» жиырма бес жарымжан мүгедек балаларға жан жылулығының рахатын сездіру үшін, ата – аналарымен бірге Алланың үйі мешітке шақырды.
Олардың жүректеріне қуаныш сыйлау мақсатында, «Жылы сөз-жан рахаты» атты арнайы рухани іс-шара ұйымдастырды. Алдымен, облыстық мешіт жанында орналасқан «Руханият» музейінің дүниелерімен таныстырып, кішігірім саяхат жасады. Одан кейін түрлі-түрлі ойындарға көшпестен бұрын, көңіл аулайтын шағын көріністер мен мерекелі әуенді концерт көрсетілді. Әріден, жеке тұлғалық қабілеттеріне «Үздік әнші», «Үздік биші», «Үздік ақын» номинациялы сайыстар мен ұжымдық топтарға бөлінген «Ең зейінді», «Ең қабілетті», «Ең ақылды» жарыстары өткізілді. «Атақты мерген» мен «Ойшыл балықшы» атты дамыту ойындарында әуелі балалар, содан соң ата – аналары жарысты. Жалпы, барлық шараға белсене қатысқан балалардың көздерінен ұшқын, жүздерінен мейірім, көңілдерінен қуаныштың лебі есті.
Ата дәстүрімен ақ дастархан жайылып, қазақ ертегілері көрсетілімі жүргізілді. Жиын соңында ата-әжелеріміз баталарын төгіп, ата-аналары тілектерін білдіріп, мүгедектер орталығының ұжымы алғыстарын айтып жатты.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.03.2016
3147
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру