Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен аймағының өкіл имамы тікелей эфирден есеп берді

01.03.2016 3467 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы өңірге өкіл имамдыққа тағайындалғанына 100 күн толуына байланысты Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақстан-Өскемен» арнасы арқылы тікелей эфирден есеп берді.

Ермек қажы Тасболатұлы тікелей желіде осы кезеңге дейін атқарылған шаралар туралы баяндады. Мұнда ол әсіресе имам-молдалардың жетіспеушілігін шешу мақсатында еліміздегі діни оқу орындарымен, «Нұр Мүбарак» университетімен жан-жақты жұмыстар жүріп жатқаныны айтып, сонымен қатар мешіті жоқ ауылдарға мешіттер салу, имамдардың әлеуметтік мәселесән шешу турасында да алғы шарттар жасалып жатқандығына тоқталып өтті. Сондай-ақ ағымдағы атқарылатын шаралар жоспарында таныстырды.

«Өңірдің ауылдарымен аудандарына жаңадан діни қызметке басқа өлкеден  келетін имамдарға арнап, мешіттердің жанынан баспана салу ісін де қолға алуды жоспарлап отырмыз» деп атап өтті өкіл имам.

Кері ағымдар мәселесіне де кеңінен тоқталды. Бұдан соң ол тікелей желіде облыс тұрғындарынан түскен сауалдарға жауап берді. Сауалдардың көпшілігі облыс аумағындағы діни ахуал, діни мамандардың жетіспеушілігі турасында болды.

Сонымен бірге жастар тәрбиесі, ақида ұстанымдарына байланысты да өзекті сұрақтар қойылып, көрермендерге дәйекті жауап берілді.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық  «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру