Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің ұйытқы болуымен Қапшағай қаласында орналасқан «Кәусар» балалар үйінің бүлдіршіндеріне қайрымдылық жасады.
Шынында перзент – жүректің жемісі, өмірдің райхан гүлі. Діни басқарманың, Жастар ісі бойынша Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Есім Ержан бастаған ерікті жастар тобы жастайынан өмірдің қиыншылығы мен ауыртпалығына душар болған балалардың бір сәт көңілдерін аулап, сыйлықтар таратты.
Мекеме басшылығы ұйымдастырушылара дән риза болып өз алғыстарын айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.03.2016
3552
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру