Павлодар облысы бойынша өкілдігі, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс» қайырымдылық қызметі кезекті іс-шарасын өткізді.
Шара барысында мүмкіндігі шектеулі жастар мен тұрғындар, мүгедек жандар барлығы 25 отбасына азық-түлік және демеушілер арқылы жиналған киім-кешектерді үлестірді. Ал мешітке келіп өз үлесін алуға дәрменсіз жалғызбасты, ауру 8 отбасына азық-түлік салынған қапшықтарды мешіттің «Барыңмен бөліс!» қызметінің мүшелері үйлеріне жеткізіп берді.
ҚМДБ-нан берілген нұсқау бойынша ақпан айы бойы Павлодар облысының барлық қала, аудан, ауыл мешіттерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып келеді. Атап айтар болсақ, өткен аптада аудандық мешіттерінде мүгедектері бар 22 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Екібастұз мешітінде 5 отбасыға, Лебяжі ауданында – екі, ал Ақсуда – 4 отбасыға көмек берілді. Ақсудағы көмек алған үш әйелдің үшеуі де 1,2,3 топтағы мүгедектер мен көп балалы аналар. Баянауыл мешітінің қызметкерлері дәрі-дәрмекке мұқтаж көп балалы анаға көмек жеткізді. «Ақмешіт» мешітінде 10 отбасыға көмек берілді. Соның ішінде 6 отбасында мүмкіндігі шектеулі жандар бар, ал 4 отбасы – тұрмысы төмен жан ұя. Аталған мешітте көру қабілеті нашарлаған қызға да қаражат бөлінді.
Сонымен қатар «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жастар бөлімі мен сауат ашу курсының әйел ұстаздары бірлесіп Ж.Амауытов атындағы музыкалы драма театрында қойылған ҚР Еңбек сіңірген әртісі, драматург Кеңес Жұмабековтың «Адасқандар» драмасын тамашалатуға 35 мүгедек және көп балалы, жалғызбасты аналармен қоса «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттерін де апарды. Аталмыш шараның бағдарламасы бойынша театрдағы қойылым алдында жат ағымдарға қарсы имамдар тарапынан уағыз-насихат айтылып, қойылым арқылы жиналған қауымға рухани көңіл-күй сыйлады.
Көмек алған отбасы мүшелері өз кезегінде мешіт ұжымына ризашылықтарын білідіріп, алғыстарын жаудырды.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.03.2016
3273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру