Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының берілген тапсырмасына орай ақпан айы бойы жасалған қайырымдылық шараларының қортынды отырысы болып өтті.
Отырысқа ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігіндегі облыс пен қала бас имамдары, қайырымдылық айға демеушілік танытқан кәсіпкерлер қатысқан болатын. Алдымен сөз алған Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы: ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жолдады. Өкіл имам облыстағы діни ахуалды сөзге тиек етіп Ханафи мазхабымен оқитын жастардың көбейіп, кең етек жайып келе жатқанын қуанышпен айтып өтті. Осы қайырымдылық акция аясында жағдайы төмен отбасылар мен қатар мүгедек жандарға да көмек жеткізіліп, облыс бойынша барлық аудан-ауылдарды жоғары деңгейде қамтыды. Мұндай жақсылық жасау күнделікті істерімізге айналған болатын. Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан Султанов Әлеуметтік аз қамтылған жанұялар мен мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға көмек қолын созып мейірімдерін танытқаны үшін бірқатар кәсіпкерлерге алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында "Патриот" спорт клубы, Такси "Сити", "Звезда" сынды қолы ашық демеушілер алдыңғы топтан көрінді. Осы бағыттағы қайырымдылық шаралары тоқталмай әлі де жалғасын таба бермек.
Орал облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.02.2016
3310
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру