ҚМДБ Алматы қаласы мешіттері мүмкіндігі шектеулі жандарға мейлінше мейрімділік танытып, қамқорлық көрсетіп келеді. Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің ұйытқы болуымен қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталықтары, балалар үйі, сонымен қатар басқада мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жандаға қамқорлық жасалып келеді.
Ауқымды іс-шаралардің бірі Алатау ауданында болып өтті. «Алғабас» мешітінің Бас имам Сакен Амангелдіұлы бастаған мешіт ұжымы мен жамағаттары ұйымдасып, Алатау ауданында орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтағы емделушілерге қайрымдылық жасады.
Мекеме басшылығы мен ондағы емделушілер әр қашан қайрымдылықтың басында жүретін Діни басқармаға алғыстарын айтып, мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.02.2016
3702
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру