Екібастұз қалалық мешітінде оқып жатқан шәкірттерінің арасында Құранды жатқа оқудан жарыс өткізілді. Бұл Екібастұз қаласында алғаш рет өткізіліп жатқан Құранды жатқа оқу жарысы. Жарыстың алдында бас имам Бауыржан Отарбаев жарысқа қатысушыларға және көрермендерге Құран оқу туралы хадистер келтіріп уағыз айтты. Одан кейін қари Нұрислам Ситдиков Құран аяттарын оқып жарысты ашты.
Жарыс ер балалар арасында жүргізілді. 19 оқушы қатысты. Әділқазылар алқасында мешіттің Бас имамы Бауыржан Отарбаев, ұстаз - қари Хадиршаев Салман және қари Ситдиков Нурислам болды. Оқушылар оқу жыл басынан бастап Құран Кәрімді жаттап оқып жатыр. Әділқазылар әр қатысушыға бір тапсырма беріп отырды. Құранның әр жерінен бір аятын оқып, соны шәкірттер жалғастырып оқыды.
Құран жарысының нәтижесі бойынша 30-шы пара жаттағандар арасында бірінші орын алған Кибитов Дәулет, жарты пара жаттағандар арасында бірінші орын алған Мағзұм Дімухаммед, 11 сүре жаттағандар арасында бірінші орын алған Әбілдәбек Нұрахмет.
Жүлделі орын алған шәкірттерге мараппатау қағазы мен кітап сыйлыққа берілді. Қатысқан оқушылардын барлығына мақтау қағазымен марапаттап, сыйлыққа кітап берілді. Соңында бас имам жарысқа қатысқандарды осымен тоқтамай, әрі қарай Құран жаттауды жалғастыруға шақырды.
Екібастұз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.02.2016
3668
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру