ҚМДБ-ның Ақмола облысы өкілдігі, Атбасар қаласында діни басқарма тарапынан қабылданған 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, имамдардың біліктілігін жетілдіруге арналған 3 күндік семинары өткізілді.
Семинарға Ақмола облысына қарасты барша аудан және қала имамдары мен облыстық мешіттің найб имамдары қатысты. Үш күнге созылған семинарда алғашқы Республикалық Имамдар форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» және «Дін мен дәстүр», «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы» құжаттары бойынша дәрісті ҚМДБ діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев өткізді. Сондай-ақ, Әзірет Сұлтан мешітінің ұстазы Қайырғалиев Мақсатбек – Фикһ, Солтүстік Қазақстан облыстық мешітінің найб имамы Әділбеков Хамзат – ислам тарихы, дінтанушы Сманов Дінмұхаммед - ахлақ пәндерінен дәріс жүргізді.
Семинар соңында Ақмола облысы бойынша өкіл имамы Қыдырмин Қанат Қоянбекұлының төралығымен өткен кеңейтілген жиналыста діни басқарма ұстанып отырған 4 бағыт бойынша жұмыстарды нығайту және медреселер мен Нұр-Мүбарак университетіне шәкірттер тарту, сауат ашу курстарының сапасын арттыру мәселелері қозғалып, барша қала және аудан имамдарына тапсырмалар мен міндеттемелер жүктелді.
Алдағы уақытта осындай семинар арнайы жоспарға сәйкес облысымыздың қалған аудан және қалаларында жалғасын табады.
Ақмола облысы «Науан Хазірет» мешіті
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.02.2016
3121
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру