Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар ислам институтында бақтарын сынауда

29.02.2016 3708 0 пікір

ҚМДБ жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында емтихан басталды.

Мекеме басшысы  Мырзабай Кенжеәлі  қажы Қоңыратбайұлы  имамдардың бойына рухани күш-қуат берерліктей мәнді де, мағыналы насихат айтып, емтихан тапсырушы имамдарға сәттілік тіледі.

Емтихан тапсырушы имамдарға Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы, Мұхитдин Исаұлы Кәрібаев Берекет, Бауыржан Әлиұлы, Юлдашев Тайыржан, Рахимов  Абдухалық, Ахметов Серік, Ризабек Батталұлы, Мырзагелдиев Бейбіт сынды дін мамандары қазылық етуде.

Қазақ жерінің түкпір-түкпірінен келіп екі ай бойы  білімдерін шыңдаған 52 имам өз бақтарын сынауда.

Он күн аралығында емтихан тапсырылатын негізгі пәндер: 

1. Құран;
2. Ақида;
3. Фиқһ;
4. Хадис;
5. Усулул-хадис. 

Қосымша сынақ ретінде:

1. Тәпсір;
2. Ихтиләфи мәселелер;
3. Халал стандарт;
4. Этнография-тарих;
5. Ахлақ;
6. Тәжуид;
7. Сира. 

2015 жылы Астана қаласы  Имамдар форумында қабылданған Тұғырнамасы (4 құжат) және Діни басқарма тарапынан қабылданған өзге де құжаттар бойынша да сынақтар  алынуда. Олар:

1. «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» құжаты;
2. «Шынайы мұсылмандардың тұлғалық келбеті» құжаты;
3. «Имамның Тұлғалық бейнесі» құжаты;
4. «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» құжаты;
5. «Діни басқармасының 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы» құжаты;
6. «Діни басқармасының 2020 жылға дейінгі діни білім беру Тұжырымдамасы»   құжаты;
7. «Дін мен дәстүр» кітабынан сынақ.

Ислам институтының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру