Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазіргі заман талабына сай медресе шәкірттерінің шешендік өнерді меңгеріп, көркем сөйлеу өнерін үйреніп алуына баса назар аударып отыр.
Осы мақсатта Елордадағы «НұрАстана медресесі» шәкірттеріне арнайы дәріс өткізілді. Тренингті жүргізген – Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбзелбаев. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы шәкірттерге Алматыдан келген қонақты таныстырып, шешендік өнердің маңыздылығына тоқталды.
Дәріс барысында М.Әбзелбаев шәкірттерге аудиторияны меңгеру, оған әсер ету тәсілдері, уағыз айтуда мән беретін мәселелер, тіл мәдениетін қалыптастыру, сөз өнерінің артықшылықтары туралы тәжірибесімен бөлісті.
Дәріс тек теориямен шектелмей, практикалық жаттығуларға ұласты. Тренинг соңында шәкірттер сұрақтарына жауап алып, профессорға алғыстарын жеткізді. Медресе директорының орынбасары Марат Бектазинов дәріс болашақта жалғаса беретінін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.02.2016
3907
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру