Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: Алатау ауданында «Дін және тарих тағылымы» атты семинар өтті

26.02.2016 3793 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялады. Бұл туралы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада өткен жиналыста мәлімдеген болатын.

Діни басқарманың  аталмыш тақырыбы аясында Алматы қаласы өз жұмысын бастап кетті. Алатау ауданы «Мырзахмет» мешітінде өткен басқосу осының айғағы.  Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет, Алатау ауданы Ардагерлер ұйымының төрағасы Қабдолдин Құдайберген, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің Бас имамы Орынбасар Дәуренбеков және аудан ақасақалдары мен ауданға қарасты мешіттердің бас имамдары семинар аясында бас қосып, «Дін және тарих тағылымы» жылына қатысты өз ойларымен бөлісті.

Өкіл имам өз сөзінде «Шынында діни басқарма өткен жылдары біршама мәселелердің басын ашып, көптеген игі шаралаға ұйытқы болып келеді. ҚМДБ биылғы 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялады. Бұл тақырып аясында Алматы қаласында көптеген шаралар өткізу жоспарлануда» - деді.

Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру