Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университеті ШҚО-мен өзара ықпалдастық меморандумына қол қойды

26.02.2016 3369 0 пікір

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры профессор Жуда Абдулғани Басюни бастаған делегация Шығыс Қазақстан облысында іссапармен бірқатар шараларға қатысты. Делегация құрмаында Нұр-Мүбарак университетінің Аппарат басшысы Болатбек Абуов пен Дін істері және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Рахымжан Әкімбеков мырзалар бар. 

Әуелі ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мырзамен кездесіп, екі жақ ортақ ықпалдастық, маман алмасу, теологиялық білім алуға бел буған жастарды дұрыс жолға бағыттау сұрақтарын талқылады.
Кездесу барысында Нұр-Мүбарак университетінің ректоры Жуда Басюни Қазақстанда ислам дініне бет бұрған жастардың қатары артып, университет қабырғасында оқып жүрген  шығысқазақстандық студенттердің білімге деген құштарлығына қуанатынын жеткізді.
Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мырза студенттерді оқуға жіберуге дайын екендіктеріне тоқталып, тек ағымдағы оқу жылының  өзінде Шығыс Қазақстаннан  35 студент жіберілгенін және оның 4-уі оқуларын аяқтаған соң облысқа оралып, қызмет етуге дайын екендіктерін  айтып өтті.

ШҚО әкімдігінің ресми мәліметіне сүйенсек, облыста  310 діни ұйым тіркелген. Оның 198-і яғни, 64 % мешіттер. Қазіргі күні 8 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Мешіттерде барлығы 210 имам қызмет етсе, оның 13-і  Нұр-Мүбарак университетінің түлектері.

Іссапар аясында  ШҚО-мен өзара ықпалдастық меморандумы  қабылданып, нұр-мүбарактық ғалымдар тобы облыстық бас мешітке барып уағыз жасады. Сондай-ақ, бірқатар оқу орындарына барып, атап айтқанда Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде кездесулер өткізіп, ислам дінінің құндылықтары жайлы ғылыми тұрғыда баяндамалар жасады.

Айша КЕҢЕСБАЙ,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру