Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Нұр-Мүбарак университетінің шәкірттеріне қамқорлық танытты

26.02.2016 3945 0 пікір

Шынында Алла жолында білім алып жүрген мүмкіндігі шектеулі шәкірттердің дұғалары қабыл болғандай. Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің мүмкіндігі шектеулі студенттерімен жүздесті.

Өкіл имам өз сөзінде «Мен үшін бұл кезесудің орны ерекше, шынында Алла жолында білім алу үлкен сабырлық пен қажырлылықты талап етеді. Ал сіздер бастарыңызға түскен ауыртпалыққа қарамастан үлкен аманатты мойындарыңызға артқан жансыздар» - деді.

Бас имам, шәкірттер алаңдамай емін еркін білім алулары үшін ақылы бөлімде білім алушылар мен жатақханада тұратын шәкірттердің оқу ақыларымен жатақхана ақыларын төлеп берді. Сонымен қатар бір айлық көлемдегі шәкіртақы сыйға тартты.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру