Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар бөлімінің қайырымдылық шарасы

26.02.2016 3330 0 пікір

ОҚО облыстық орталық мешіт жанындағы Жастар ісі бөлімі және «Алаш мұра» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен ОҚО Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында орналасқан Жасөспірімдер үйіндегі 150 тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық шарасы өткізілді.

Облыстық мешіт жанындағы Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тарапынан қолға алынып жатқанын Республикалық акцияның мән-маңызына кеңінен тоқталып әңгімелеп берді. Осы тұста, бұл шараға елімізге белгілі өнер жұлдыздарының қатысқанын атап өту керек.

Қайырымдылық шара барысында 150 балаға арнап дастархан жайып, сыйлықтар мен ойыншықтар тегін үлестірді. Жалпы, соммасы бес жүз мың теңгені құрайды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру