ҚМДБ-ның тапсырмасына орай республика бойынша өткізіліп жатқан мүгедек жандарға арналған қайырымдылық акциясы аясында, Бостандық ауданына қарасты «Байкен» мешітінің ұйытқы болуымен «Алматы қалалық психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған интернат-үйіне» азық-түлік, дәрі-дәрмек және тұрмысқа қажетті заттардан қайырымдылық ретінде көмек көрсетілді.
Интернат үйінің тұрмыс тіршілігімен танысқан мешіттің наиб имамы Ербол Сағиұлы бастаған мешіт имамдары ол жерде қызмет жасап жатқан ұжымға еңбектеріне табыс тілеп, мүгедек жандарға сабырлық, төзімділік және тағдырға иман келтіру жайында уағыз айтты.
«Байкен» мешітінің наиб имамы Ербол Сағиұлы: «Алла Тағала құлдарын кейде таршылықпен сынайды, кейде баршылықпен сынайды. Раббымыз баршамызға үлкен сабырлық берсін», - деп жылы лебізін білдірді.
Мұқтаж жандар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған «Байкен» мешітінің ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп бекерге айтпаса керек. Олай болса, ағайын, баршаңызды осы қайырымдылыққа зәру болған жандарға қол ұшын беруге шақырамыз.
Алматы қаласы «Байкен» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.02.2016
3681
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру