Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақсуда өткен үш күндік семинар

26.02.2016 3181 0 пікір

ҚМДБ тарапынан қабылданған 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру, ауыл, аудан имам-молдаларының білім-біліктілігін арттыру мақсатында  бекітілген кесте бойынша 22-24-ақпан күндері Павлодар облысы Ақсу аудандық мешітінде «Білікті имам» тақырыбында діни бірлестік өкілдерінің біліктілігін арттыруға арналған 3 күндік семинарын ұйымдастырып жүргізілді. Семинарға Май және Ақсу ауданының барлық имам –молдалары, мешіт қызметшілері толығымен қатысты. Оларға Республикалық І имамдар форумынан қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттармен қатар  «Дін және дәстүр», «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы» негізінде семинар-сабақтарды өкіл имам Н.Исенов және облысымыздың білімді діни мамандары Х.Аманқұлов,  Е.Құдабаев, Д.Байдуллаевтар жүргізді.

Сонымен қатар, діни бірлестіктердің іс-қағаздарын басқару жүйесін «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің аппарат жетекшісі У.Мақұлұлы түсіндірсе, «Діни қызмет және діни бірлестік» туралы заңнамасын Павлодар облысы бойынша Дін істері басқармасының бастығы Д.Закарьянов баяндап берді.

Үш күндік семинарға қатысқан Май ауданының 8, Ақсу ауданы мешіттерінің 10 имам-молдаларына арнайы сертификат берілді.

ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша, алдағы уақытта осындай семинар бекітілген кесте және арнайы жоспарға сәйкес Ақтоғай, Шарбақты, Қашыр, лебяжі аудандарында жалғасын табады. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру