Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дастархан жайылып, қайырымдылық жасалды

26.02.2016 3239 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қаламыздағы 3 мешіт қосылып, ауқымды қайырымдылық шарасын өткізді.

Яғни, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен отбасыларына арнап арнайы дастархан жайылды.

Дастархан басына жиналған қауымға бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы имандылық, қайырымдылық, сабыр турасында әсерлі уағызын жеткізді.

Сонымен қатар, қайырымдылық шарасында арнайы шақырылған тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген тұрғындарға азық-түлік, тұрмыстық қажеттіліктер үлестірілді.

Бұл бағыттағы шараларды тұрақты ұйымдастырып отыру орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің күні тәртібінен түспей келеді.

Өз кезегінде қатысушыларда шексіз алғысыз жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру