Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: Халал бөлімі қанаттанып келеді

25.02.2016 3422 0 пікір

ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша жұмыстары бір ізділікке түсіп, жүйеленіп келеді.

ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің басшысы Бейбіт Әліпбекұлына Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет әр ауданның мешіт қызметкерлерінен құралған жауапты өкілдерімен таныстырды. Алматы қаласында сауда орындары мен фабрикалар, сонымен қатар қасапханалар көп шоғырланған. Кейбір мекемелер Діни басқарманның рұқсатынсыз халал белгісі бар өнімдерді ел қолданысына шығарып келеді.

Осыған орай ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің жұмысын жандандыру мақсатында Алматы қаласының халал стандарттау бөліміне жауапты өкілі Елжанов Ануардың өкіл имамға жасаған ұсынысы бойынша әр ауданнан көмекші өкілдер бекітілді.

Алла Тағала Құранда: «Әй, иман келтіргендер, ризықтандырғанымыздың жақсысын жеңдер» - деген. 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру