Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Адасқанның айыбы жоқ» атты спектаклі қала тұрғындарына ұсынылды

25.02.2016 3584 0 пікір

Семей қалалық мəдениет сарайында, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Семей аймағы бойынша өкілдігінің қолдауымен, "Айдар шоу" театры, қала тұрғындарына "Адасқанның айыбы жоқ" спектаклін ұсынды.

Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат өз сөзінде Алла Елшісі хадис-шарифінде: «Дін – насихат», – деген. Құранның тым болмағанда бір аятын, Пайғамбардың бір сөзін өзгеге жеткізу – мұсылманның міндеті. Сол жат ағымның арбауымен Сирия асып, қару асынып, кім үшін, не үшін оқ атып жүргенін білмейтін жан­дар соқыр сенімнің, теріс идеологияның, әлемдік саяси мүдделердің құрбанына айналуда. Мұсылмандықты айдаладан емес, айналадан іздеу керек. Махамбетше айтқанда, «мұсылмандық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ» немесе Бұхар бабамыз жырлағандай, «діл мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?» деген ой келеді. Сондықтан, мұсылмандық тілі­мізде емес, ділімізде болу керек. Демек, басты мәселе – білімсіздікте. Дінді біліммен емес, сезіммен түсінген олар, тіпті, Исламның қарапайым қағидаларын білмейді. Алайда, оларды әуелі айыптауға асықпай, қоғамнан шеттетпей, жанына, рухани әлеміне үңілейікші. Ол үшін: «Әр қазақ менің жалғызым» деген қағида керек деп сөзін аяқтады.  Бүгінгі күннің өзекті тақырыбын қамтыған аталмыш қойылым көрермендер тарапынан зор қызығушылықа ие болып екі мəрте қойылым ұсынылды. 

Әр адамға ой салатын туындыны қызықтаған жастар рөлдерін шеберлікпен орындаған әртістерге алғыстарын білдірісіп тарқасты. 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру