Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам гимназия оқушы ұстаздарымен кездесті

25.02.2016 3198 0 пікір

Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынның оқушы, ұстаздарымен кездесті.

Кездесу мектеп ғимаратының мәжіліс залында өтіп, оған 100-ге жуық оқушылармен ұстаздар жиналды.

Кездесуде өкіл имам  Ермек қажы Тасболатұлы исламнан тәлім тәрбиелік маңызы зор, ұлтымыздың салт-санасымен ұштасқан тағылымды тамаша әңгімелер айтты.

«Қазір балаларда білімге құмарту, талпыну үйренуге деген ынтасы жақсы. Балалар өз білмегенін ересектерден, ата-аналардан сұрайды. Оған ата аналар жауап бере ала алмайды. Сондықтан да олар сол сұрақтардың жауабын басқа жақтан іздейді. Осылайша жат ағымдарға ұрыну, секталарға өту осыдан басталады. Мұндай қатерлерден балаларды сақтандыру үшін ата-аналар және ересек адамдар өз діни білімдерін көтеру керек. Сондықтан жеке діни сауаттылықты арттырудың маңызы зор» деп, атап өтті өкіл имам.

Оқушылар өкіл имамның тағылымды насихатын ұйып тыңдады. Арасында өздері байыбына бара алмай жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауабын алды.

Кездесуді ұйымдастырушылар осындай тәлімдік жүздесу үшін облыстық «Халифа Алтай» мешіті ұжымына алғыс білдірді. 

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру