Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірім көрсетілді

24.02.2016 3400 0 пікір

Тағдырдың кермек дәмін жастай тартып келе жатқан мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдыры кім-кімді болмасын бей-жай қалдыра алмайды. Оларды "мүмкіндігі шектеулі жандар" деп айтудың өзі жаныңды ауыртады.

Керісінше оларды рухани мықтылар дегеніміз жөн секілді. Алланың қандай сынағы болса да мойымай, сабырлық танытып, бір үмітті арқалаған бұл тағдырлардың рухы мықты, болашаққа сенімдері айқын, армандары асқақ. Оларда жалғыз ғана өшпейтін бір үміт. Сол үміт оларды алға жетелеп, өмірдің қатал сыңдарынан сүріндірмей келеді. Тағдырлары ұқсас бұл жандар кей кездері өздерін қоғамға қажетсіз сезінеді. Жәудіреген жанарлары айналадағы адамдардың жүздерінен бір мейірім мен махаббатты, қолдау мен қорғанды күтері сөзссіз. 

Осындай Алланың сынағына ұшыраған мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірімділік таныту мақсатында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров орталық мешітте арнайы дастархан жайып, оларға шексіз құрмет көрсетті. Тағдырдың сыңдарынан сүрінбей, Алланың сынағына сабырлық танытып, шүкіршілік етуге, Алланың мейірімінен ешқашан күдер үзбеуді насихаттаған өкіл имам Батыржан Берденұлы мүгедек жандарға мешіт ұжымы атынан сыйлық пакеттерін беріп, жүз мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. 

Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін елеп-ескерген мешіт ұжымына және Атырау өңірінің өкіл имамы Б.Берденұлына шексіз алғыстарын білдіріп, рахметтерін жаудырды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру