Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Қарағанды облыстық Дін істері басқармасының бастығы Қайрат Нүркенов келіп, алдымен ректор, профессор Жуда Абдулғани Басюни мырзамен кездесті. Қос тарап діни мәселе төңірегінде біршама түйткілдерге тоқталды. Қайрат Қаршығаұлы ректор Жуда Басюни мырзаны Қарағанды өңіріне арнайы шақыра отырып, сол сапар барысында екі жақты меморандумға қол қою жөнінде ұсыныс жасады. Әрі таяу уақытта ұйымдастырылатын бірнеше конференцияға қатысуға өтініш айтты. Өзара естелік кәдесый беріп, естелік суретке түскеннен кейін Қайрат Нүркенов мырза Нұр-Мүбарак университетінде білім алушы қарағандылық студенттер тобымен кездесіп, аймақтағы ахуалға жан-жақты тоқталып өтті.
Қазір Қарағанды өңірінде 312 діни бірлестік болса, оның 136-сы мешіттердің үлесіне тиеді. Қайрат Қаршығаұлының айтуынша, мешіттер саны соңғы 2 жылда арта түскен. Сондай-ақ, шет елдегі күмәнді бағытта білім алушы 33 қаракөз кейін қайтарылған. Осындай атқарылып жатқан жұмыстар жайында жастармен кеңінен сұхбаттасқан ол биылғы болашақ түлектерді жұмысқа шақыра келе, одан өзге әлі университет қабырғасында білім алушы студенттерге жазғы маусымды тиімді пайдалануға ұсыныс жасады. Яғни кездесу кезінде көтерілген ұсыныстардың жүзеге асуы жақын болашақтың еншісіне қалмақ.
Айша КЕҢЕСБАЙ,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2016
3666
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру