Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республика бойынша өткізіп жатқан мүгедек жандарға арналған қайырымдылық акциясы аясында, өкіл имам С.Сейтбековтің тапсырмасымен өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы қонақ етіліп, асқа шақырылды. Облыстық орталық мешіт, Мұнайлы аудандық мешіті, Қызылтөбе және Маңғыстау ауылдық мешіттерінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ар Рахман» мешітінің асханасына кең дастархан жайылды. Шараға 50-ге жуық мүгедек балалары бар отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар келді. Өкіл имам С.Сейтбеков жиналғандарға сабырлық,төзімділік туралы уағыз айтып, тағдырға иман келтіру жайында әңгімеледі.
Туғаннан ДЦП ауруының диагнозы қойылған Гүлназ Ұзақбаева мешітке ата - анасымен бірге келіпті. Анасы Нұрсұлу оның №1облыстық балалар психо неврологиялық интернат үйінде ем қабылдап, аптасына 5 күн сонда болатынын айтты. Жасы 17- ге келген Гүлназдың ақыл есінде ауытқушылық жоқ, тек сал ауруының кесірінен аяқ қолдары икемге келмей қалған. Облыс имамының уағыз насихатын ұйып тыңдап, ата- анасының ортасында отырған Гүлназ өзінің естіген нәрсесін бірден жаттап алатынын айтты. Ал әкесі Гүлназға қысқа жіп күрмеуге келмей , тоқпен басқарылатын мүгедектік арба алып бере алмай жүргенін қынжыла жеткізді.
Мүгедек балалары бар аналар өздерінің білгісі келген сауалдарын қойып, имандылық тақырыбында ойларын бөлісті.
Отырыс соңында дастархан басындағыларға пайғамбарымыз (с.а.с) туралы кітап сыйға берілді. Мешіт ақсақалдары бата жасап, Құран оқыды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.02.2016
3265
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру