Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Операцияға қаржылай көмек көрсетілді

22.02.2016 3742 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің әйел жамағаты кезекті қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Бұл жолы Ақтау қалалық мешітінің ауласында өткізілген жәрмеңке аясында сатылымға  ыстық тағамдар мен тәттілер қойылды. Жәрмеңке жасаудағы мақсат -  қажы  Мағрипа әженің кішкентай жиеніне жасалатын операциясына қаржылай көмек ұсыну болатын. Жұма намазына жиналған жамағат дәмі тіл үйірер тәтті тағамдарды сатып алып жатты. Әп сәтте жәрмеңкеге ұсынылған барлық тағам түрі де өтіп кетті. Өкіл имам орталық мешітке Мағрипа әжені шақырып, мешіттің әйелдер жамағатының жасаған қайырымдылық көмегін, яғни жәрмеңкеден түскен қаржыны ұсынды.

Мағрипа Қанатова 1994 жылдан бері  дін жолына түсіп, бес уақыт намазын қаза етпей келе жатқан жан. 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде олардан 9 немере, 2 жиен сүйіп отыр. Ұл қыздары да намазхан, имандылық жолында.  Осы жылдың басында дүниеге келген егіз жиендерінің бірі көз ауруына шалдығып, кішкентай нәрестеге 5 ші дәрежелі зағиптық диагнозы қойылыпты.  Қазақстан дәрігерлері Санкт – Петербург қаласына барып көзіне 5 мың АҚШ доллары тұратын   операция жасауды кеңес берген.

Мешітте күнде жолығысып, бір - бірінің хал жағдайын білісіп отыратын әйелдер жамағаты бұл жағдайды естіп, қолдарынан келгенше көмек беруге тырысты. Осылайша  әрқайысысы өз үйлерінен түрлі тағамдар пісіріп, жәрмеңкеге үлестерін қосты.

Қайырымдылық ретінде ұсынылған қаражатты алған Мағрипа әже көзіне жас алып, алғысын айтып, батасын берді. 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру