Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұқтаж жандарға мейірімділік танытқан қайырымдылық науқаны

22.02.2016 3430 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасына орай ақпан айы бойы мүгедек жандарға көңіл бөлініп, оларға қайырымдылық жасау жоспарға енген болатын.

Жүректері иманға толы жергілікті имамдардың жақсылық жасау күнделікті істерінің біріне айналған. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлының ұйымдастыруымен өңіріміздің барлық мешіттерінде «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты қайырымдылық науқанын өткізді. Соның бір көрінісі ретінде қасиетті Жұма күні Облыстық орталық мешітте қайырымдылық шарасы өткізілді. Әлеуметтік аз қамтылған жанұялар мен мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға азық-түлік (картоп, пияз, ұн т.б.) таратылды.

Қолы ашық жомарт жандардың қаржылай да азық-түліктей берілген қайырымды істері жалпы жұртқа үлгі боларлықтай сауапты іс. Қасиетті Құран Кәрімде: «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар!» («Бақара» сүресі, 148 аят) - делінген. 

ҚМДБ БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру